Алматы қаласында балалардың есту қабілетін ерте анықтау мен түзетуге бағытталған "Мен естимін" пилоттық жобасы басталды.
Бұл жоба Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы, «Милосердие» ерікті қоғамдық қоры, «Аяла» жеке қайырымдылық қоры және САТР Орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы қол қойылған Меморандум аясында жүзеге асырылуда.
Жобаның мақсаты — Алматы қаласының перзентханаларында, бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарында және клиникалық ауруханаларда аудиологиялық скрининг жүйесін жетілдіру, сондай-ақ балалардың есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау.
Неліктен бұл маңызды?
Есту қабілеті баланың сөйлеу және когнитивтік дағдыларының дамуына тікелей әсер етеді. Уақытында анықталмаған есту қабілетінің бұзылыстары сөйлеу және ақыл-ой дамуының кешігуіне, оқшаулануға және оқуда қиындықтарға әкелуі мүмкін. Сондықтан аудиологиялық скрининг әрбір жаңа туған сәбиді тексерудің міндетті бөлігіне айналуы тиіс.
"Мен естимін" жобасы аясында ата-аналар скринингтен бастап оңалтуға дейінгі толық сүйемелдеуге ие болып, өз баласының дені сау болашағын қамтамасыз ете алады.
Жоба туралы толығырақ ақпарат САТР орталығының сайтында