Жаңалықтар

Ашылуына арналған ресми іс-шара өтеді

2025 жылғы 13 маусымда САТР Орталығында есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Дамытушы оқыту бөлімшесінің ашылуына арналған ресми іс-шара өтеді.
Іс-шара сағат 14:00-де басталады.

САТР Орталығында есту қабілеті бұзылған балаларға сурдологиялық көмектің толыққанды жүйесі ұсынылған.

Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған Дамытушы оқыту бөлімшесінің ашылуы — ерте араласу және білім беру процесіне енгізу (inclusion) жүйесін құрудағы соңғы кезең болып табылады. Жүйенің құрылуы мен «Мен естимін» пилоттық жобасы туралы іс-шара спикерлері баяндап береді.

Бүгінгі таңда есту қабілеті бұзылған балалармен сабақтар өткізіліп жатыр. Бұл жұмысқа 30 жылдан астам тәжірибесі бар, ең жоғары біліктілік санатындағы сурдопедагог, MED-EL Халықаралық реабилитация академиясының (Австрия) және LSLS VTM Suvag (Хорватия) мүшесі — Нина Владимировна Шепеленко жетекшілік етуде.

Бөлімшенің ресми ашылуына білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің өкілдері, қайырымдылық қорлар, ата-аналар қауымдастықтары мен САТР орталығының серіктестері қатысады.